Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Келдің. Кеттің. Ештеңеге үлгірмедің

Балалық шақта бақыт алдымыздан күтіп тұрғандай көрінетін, қартайғанда оның тек өтіп кеткендігін сезінумен ғана шектеледі екенбіз. (Марк Твен) Өмір-теңіз толқыны секілді. Біреуді алып кетсе, біреуді алып келеді. Біреуді көтерсе , біреуді тұңғиыққа батырады. Бұл өмір бір-ақ рет беріледі! Сондықтан неге оны пайдалы қылып өткізбеске?!

  • Өмір сүр ! Куан! Шаттан! Өмір саған жылауға 10 себеп тапса, сен күлімдеп , шаттануға 1000 себеп тап!
  • Оптимист бол! Өйткені әлем оптимисттердікі, пессимисттер - тек көрермендер. (Франсуа Гизо)
  • Кешіре біл, кешірім сұрай біл. Бірінші кешірім сұрау- бұл төмендетің белгісі емес, бұл адамның ең жақсы қасиетті. (Федор Достоевский)
  • Ешкімге ере берме, өз ойыңызбен жүріңіз. Өзен ағысымен тек өлі балық қана жүзеді.
  • Сынаққа мұңая берме! Сынақсыз өмір - ол,өмір емес! (Сократ)
  • Мейірімді болыңыз. Мүмкіндік барда мейірімді болыңыз, ал ол әрқашан болады.(Зенедин Зидан)
  • Қуанышты көппен бөлісіңіз. Қуаныш математика заңына қарсы жүреді:ол бөліскен сайын көбейе береді.
  • Уақытты үнемді пайдаланыңыз. Уақыт өзін зая кетіргендерді жақсы көрмейді.
  • Ұмтыл! Сен өз жағыңнан қолдан келгеннің бәрін жаса, келмегеніне Құдай көмектеседі. (Сократ)

Өмірдің әр сәтін, күнін бағала. Өмірдің әр сәтіне үлкен қораптағы шырпыларды жандырып, өшіріп, лақтыра салғандай емес, сол қораптағы жалғыз шырпыны қалай қадірлейсің солай қара (Өтеш Жаснұр) 
Өмір сүрейік , қуанайық, ойнайық, мүмкіндік барда әлемді жақсартайық! Тарихта қалайық!

"Көшбасшылар" клубының мүшесі,

10-шы сынып оқушысы Өтеш Жаснұр

3
0
1865

Осы тақырып бойынша

Келдің. Кеттің. Ештеңеге үлгірмедің - Yvision.kz