«Кел, ойнайық!» — қазақ тілі сабағы
Павлодар қаласы,
«№126 сәбилер бақшасы –
балалардың эстетикалық
даму орталығы» МҚКК
А.А. Тукенова, қазақ тілі мұғалімі
Топ: Мектепалды даярлық.
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлім: Қазақ тілі.
Тақырып: Кел, ойнайық!
Мақсаты: Тақырыптар бойынша алған білімдерін бекіту.
Міндеттері: 1.Байланыстырып сөйлеу әрекетін жаттықтыру.
2.Тән дыбыстарды дыбыстау кбілетін дамыту.
3.Тіл үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
Сөздік жұмысы: тақырыптар бойынша үйренген сөздерді қайталау.
Құралдар: слайд, жеке карточкалар, текше, деңгейлік карточкалар, майшаммен салынған суреттер, деңгейлік карточкалар.
Үш тілдік компонент: сәлеметсіңдер ме - Hello – здравствуйте, сау болындар - good-bye – досвидания.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.
1.Сұрақ-жауап:
-Сенің атың кім? -Менің атым – Света.
-Сен неше жастасың? -Мен алты жастамын.
-Қазір қай жыл мезгілі? -Көктем мезгілі.
Мұғалім:- Дұрыс, қазір көктем мезгілі. Көктем туралы кім айтып бере алады?
2.Монолог. (слайд арқылы)
-Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Құстар ұшып келді.
ІІ. Жаңа сабақ.
1.-Балалар, біз бүгін «Не?Қайда? Қашан?» - ойын арқылы өткен тақырыптарды естеріне түсіреміз.
2. «Зырылдауықты» айналдырып, тапсырмаларды орындайды.
* «Не артық?» (жеке жұмыс) –жабайы аңдар және құстар тақырыбы бойынша.
Қасқыр, қоян, қарға - суреттері.
-Не артық?
-Қарға артық.
*»Бұл не?» (жеміс, көкөністер) Сипаттау әдісі.
Балалар сипаттаған жеміс, не көкөністі атайды. Содан кейін мұғалім майшаммен салынған суретті сулайды, шыққан жеміс, көкөністі балалардың жауаптарымен салыстырады.
-Қызыл, домалақ, тәтті, ағашта өседі. (алма)
-Жасыл, сопақ, дәмді, жерде өседі. (қияр)
3.Сергіту сәті.
Шеңберге біз тұрайық,
Достарым кел билейік.
Артқа қадам, алға қадам
Орнымыздан бұрылып .
* «Балабақша қандай?» Кубизм әдісі
-Балабқша үлкен.
-Балабақша әдемі.
-Балабақша екі қабатты.
-Балабақша таза.
(Ортаға бір бала шығып, балалардың айтқанын тексереді).
*Деңгейлік тапсырмалар: «Отбасы» тақырыбы бойынша
- «Бұл кім?» - 1-ші деңгей
(балалар, отбасы мүшелерін атайды)
-Бұл -ата.
Бұл – ана.
-Бұл – әке.
-«Үйде кім бар?» 2-ші деңгей
-Үйде анам, әкем, ағам бар.
-Үйде атам, әжем, анам, әкем, қарындасым бар. т.б.
-«Сөзді тап» - 3-ші деңгей
ТАА – (ата), КЕӘ (әке)
ІІІ. Қорытындылау.
Рефлексия: «Бес саусақ » әдісі арқылы сабақты аяқтау.
Мадақтау. Қоштасу.
