Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ә.Кекілбаев атындағы М.O. тарихи-өлкетану мұражайында Тұңғыш Президент күніне арналған көрме өтуде.

Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Әлия Асқарқызының айтуынша, облыстық мұражайда жыл сайын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың балалық шағы туралы "Балалық шағымның аспаны" - "Небо моего детства" көркем фильмі көрсетіледі. Фильм Тұңғыш Президенттің өміріндегі нақты оқиғаларды бейнелейді, Ұлт Көшбасшысының жеке басы мен мінезінің қалыптасуы, оның жеңістері, үміттері мен армандары туралы баяндайды. Сондай-ақ бұл күндері басқа да фильмдер көрсетіледі – "Отты өзен", "Темір тау", " Көшбасшы жолы. Астана", "Елбасы жолы".

Тұңғыш Президент күнін мерекелеу аясында мұражайда Бәйтерек монументінің құрылу тарихы туралы тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылды. Бірақ ақтаулық оқушылар арасында Президент резиденциясы "Ақордада" өткен экскурсия ерекше қызығушылық тудырды.

Сондай – ақ, Тұңғыш Президент күніне орай 1-4 желтоқсан аралығында тарихи - өлкетану мұражайында Ақтау қаласының мәдениет мекемелерінің өкілдері - кітапхана, қуыршақ және драма театрларының, мәдениет басқармасының қызметкерлері үшін экскурсиялар ұйымдастырылады.

12
1
700

Осы тақырып бойынша

Ә.Кекілбаев атындағы М.O. тарихи-өлкетану мұражайында Тұңғыш Президент күніне арналған көрме өтуде. - Yvision.kz