«Кедіргесіз келешек» партиялық жобасы
«Nur Otan» партиясы «Кедіргесіз келешек» партиялық жобасы және «Канвассинг» шарасы шеңберінде Жәнібек аудандық мәслихатының депутаты Біржан Қуанәлиевпен «Жәнібек» бастауыш партия ұйымының төрайымы Ляззат Абдулова Жәнібек ауылы М.Ықсанов көшесі №77 үйінің тұрғыны ,зейнеткер, 2 топ мүгедегі Қантым Гумарованың үйінде болып, оның хал-жағдайымен танысты.
Өз сөзінде Біржан Қуанәлиев ауданымызда атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етіп, аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында партия тарапынан қолға алынған шаралар жөнінде баяндады. Сондай-ақ Қантым Гумарованың жеке мәселелерімен танысып, олардың оң шешілуіне атсалысуға әркез дайын екендігін жеткізді.
Өз кезегінде Қантым Гумарованың көрсетіліп жатырған қамқорлыққа шынайы ризашылығын білдіріп, қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарға сәттіліктер мен табыстыр тіледі.

