Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кедей адам кінәлі ме?

Бүгінгі тақырып кедей адам туралы болмақ. Ең алдымен "кедейлік" деген сөзге анықтама беріп кетейін. Кедейлік — жеке адамның, отбасының қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. П.Таусенд "Ұлы Британиядағы кедейлік" атты еңбегінде кедейлікке былайша анықтама берген: " Өздері өмір сүретін қоғамның өміріне араласа алмайтындар, қоғамда қалыптасқан өмір сүру деңгейі мен керек диетасын ұстауға мүмкіндіктері жоқ адамдар кедей болып есептеледі."

Неге адамдар кедей болады? Неге адамдар таңертең ерте тұрып, жұмысқа барады, күні бойы терлеп жұмыс істейді, бірақ сол күйі кедей болып қала береді? Оның себебі мынада, бай адамдар тапқан ақшасын әрқашан үнемдеп жүрсе, кедей тапқанының бәрін жұмсайды. Кедейге ақша – өмірдің мақсаты болса, бай адам үшін – мүмкіндік болып табылады. Кедейді байдан асығыстық пен сабырсыздық ажыратады. Сондықтан, әр басқан қадамымызды ойланып жасауымыз керек.

Кедей болғаны үшін адам кінәлі ме? Менің ойымша, кінәлі. Себебі, сіз уақытыңызды ұтымды пайдаланып, болашақта іске асыратын жұмысыңызды жоспарлап, дұрыс шешім қабылдай білсеңіз, кедей адам болмайсыз." Жан қиналмай жұмыс бітпес, талап қылмай мұратқа жетпес" демекші, егер сіз бай адам болғыңыз келсе,талабыңызға жету үшін аянбай еңбек етуіңіз қажет. Өмір бір-ақ рет беріледі. Сондықтан, неге оны барлық қажеттілігімізге қол жеткізе алатындай қылып өткізбеске?!

Түйін: Кедей адам болмас үшін, өз мүмкіндіктерімізді руxани жағынан да, материалдық жағынан да дұрыс пайдалана білуіміз керек.

Кедей адам

Ақшасы жоқ адам

Өзін-өзі денсаулықтан айырған адам

Қиын қыстау кезінде үміт артар достары жоқ адам

Ата-анасы, отбасы жоқ адам

Естелігі жоқ адам

Қуанышты сәті жоқ адам

Сенімі жоқ адам

Өзіңіз кестені толықтырып көріңіз.

"Көшбасшылар" клубының мүшесі

Ғаниева Нұрай

4
4
2284

Осы тақырып бойынша

Кедей адам кінәлі ме? - Yvision.kz