Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кедергісіз келешек жобасының жүзеге асуы партиялықтардың қатаң бақылауында

Кедергісіз келешек жобасының жүзеге асуы партиялықтардың қатаң бақылауында

Облыс орталығындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жақсартуға бағытталған Кедергісіз келешек жобасының жүзеге асуы жөнінде Көкшетау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Асыл Молдияровамен болған кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Көкшетау аумақтық филиалы төрағасының орынбасары Зауреш Нұрымова сұрап білді. Кездесу барысында Кедергісіз келешек жобасы облыс орталығында қаншалықты тиімді жүзеге асып жатыр? Мүгедектердің қаншасы жұмыспен қамтылды? Мүмкіндігі шектеулі қанша адам орталықка жұмыс сұрап жүгінді? Мұндай жандарға кәсіби білім беру қаншалықты қарастырыл ған? Жұмыс берушілер оларды жұмысқа алуға құлықты ма? Қанша мүгедекті жұмысқа алу жоспарланып отыр деген сауалдарға нақты жауап алды. Жалпы биылғы жылдың желтоқсан айына дейін мүмкіндігі шектеулі 117 адам жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығына жүгініп, барлығы дерлік жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 52 адам тұрақты жұмысқа орналасса, квота бойынша 20, Қоғамдық жұмыстарға 41, жастар тәжірибесіне 4 адам тартылған. Ал 6 адам қысқа мерзімдік кәсіптік білім алып, жұмыс берушілермен келісім арқылы жұмысқа тұрған. Осылайша Кедергісіз келешек жобасы Көкшетау қаласы бойынша кедергісіз іске асырылып жатыр.

0
0
124

Осы тақырып бойынша

Кедергісіз келешек жобасының жүзеге асуы партиялықтардың қатаң бақылауында - Yvision.kz