"Кедергісіз келешек" жобасын іске асыру шеңберінде азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау
2018 жылы 7 қарашада сағат 10.00-де Қостанай қ. «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында "Кедергісіз келешек" жобасы бойынша азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау өтті («Будущее без барьеров»). "Кедергісіз келешек" бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тең құқықтарды көздейді. Қабылдауды «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ж. Бисимбаев, «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ басшысы М.Т. Мұратбеков, «Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары А. Аужанов, «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының м.а. В.Ю. Дудник өткізді. Аталған іс-шараның басты мақсаты: көмек көрсету және адамдардың қажеттілігін білу. Өз сұрақтарымен 5 азамат жүгінді: Ұзынкөл АОА-ның дәрігерлеріне қатысты шаралар қабылдауды, атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша, Қостанай облыстық ауруханада тексеру жүргізу мәселесі бойынша, мүгедектік тобын белгілеу бойынша, жарықты емдеу бойынша сұрады. Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді, үш азаматтың сұрақтарын қабылдау жүргізу барысында шешті.
"Нұр Отан" партиясының саяси Доктринасына сәйкес барлық азаматтар өмірдің жоғары стандарттарына сәйкес келетін әлеуметтік қызметтерге тең қолжетімділікке ие болуы тиіс. Бұл мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ортақ жауапкершілігі арқылы қамтамасыз етілуге тиіс. Бұл ынтымақтықтың көрінісі - өзара сенім, өзара жауапкершілік пен өзара көмек болып табылады.
2015 жылғы 20 ақпанда Мемлекет басшысы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, мемлекет пен қоғам алдында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуметтік және экономикалық құқықтарын қорғау мен дамытуға қосымша кепілдіктер құруға бағытталған міндеттер тұр.
Осы мақсатта Үкімет мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 - 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдады және кезең-кезеңімен іске асыруда, оны іске асыру нәтижесінде Қазақстанда халықтың еңбек ету қабілетінен айрылу қатерінің алдын алуға, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге, оңалтуды қоса алғанда, мүгедектік туындаған жағдайда әлеуметтік қамтамасыз етуге және қолдауға бағытталған бірқатар маңызды заңдар қабылданды.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасын орындау үшін, биылғы Қазақстан халқына «Қазақстан жолы-2050» Жолдауында, "Нұр Отан "партиясы мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта құруға баса назар аудара отырып, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша жұмысты бастап кетті.
«Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» - «Будущее без барьеров» жобасын іске асыру, партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жоғарыда көрсетілген тапсырмаларының маңыздылығын арттырады және мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыруда мемлекеттік уәкілетті органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күштерін біріктіруге мүмкіндік береді.

