«Кедергісіз келешек» жобасы жүзеге асуда
"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында комиссия мүшелері үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасы, медицина қызметкерлерінің біліктілігі сонымен қатар тапшылығы жайында әңгіме қозғалды. Қазіргі таңда кейбір мекемелерде екі дәрігердің орнына бір адам жұмыс жасайтыны сынды мәселелер талқыланып, шешу жолдары қарастырылды. Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
Елбасы өз Жолдауында барлық азаматтарды мүгедектерді жан-жақты қолдап, олардың проблемаларын оң шешуге атсалысуға шақырған болатын. Кедергісіз келешек жобасы «Nur Otan» партиясының бастамасымен мүмкіндігі шекетулі жандардың құқығын қорғау және оларға кедергісіз қоғам құруға бағытталған жоба.
