ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында мониторинг жүргізілді

#Кедергісіз #келешек

«Nur Otan» партиясы партиялық жобалардың тиімділігін барынша арттырып, ауқымды іс-шаралар атқару жолында тындырымды жұмыстар атқаруда. Аталмыш партия қызметін жаңғырту жұмыстарының аясында бірқатар әлеуметтік маңызды жобалар қарқынды жүргізіліп, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыруға арналған іс-шаралар да тұрақты қолға алынуда. Атап айтқанда, «Кедергісіз келешек» жобасы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сапалы білім алуына, олардың жұмыспен қамтылып, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына және елімізде кедергісіз орта қалыптастыруға басымдық беріп отырмыз. Қазіргі таңда осы бағыттар бойынша көптеген тың идеялар жүзеге асырылып жатыр. Аталған жұмыстар тек орталық деңгейде емес, ауыл-аймақтарда да сәтті іске асырылуда. Осы орайда бүгін, Райымбек аудандық партия филиалы ұйымдастыруымен, аудандық мәслихат депутаттары және аудандық партия филиалының жанынан құрылған мониторингтік топ аудан орталығындағы , бірқатар әлеуметтік нысандардың және мектептердің пандустарына партиялық мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг жұмыстары барысында бірқатар әлеуметтік нысандарға стандарттық талапқа келтіруге ұсыныстар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ауданымызда көптеген мекемелер жаңадан салынғандығына байланысты пандустардың талапқа сай екендігін айта кетуге болады, атап айтқанда «Халыққа қызмет көрсету» орталығында көтермелі пандус орналастырылғандығы қуантады. Аталмыш мониторинг топ құрамында, Райымбек аудандық маслихат депутаты Шымырбаев Нартай, Нарынқол БПҰ төрағасының орынбасары Бүктербаев Алмат және аудандық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйден әлеуметік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі

Аманбек Ел-Аман , білім саласының өкілдері және аудандық маслихат депутаты Абай Сырымбет, партия филиалының консультанты Әбенбай Ардақ аталған мекемелерге мониторинг жүргізіп қайтты.

Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.