Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Кедергісіз келешек" жобасы

Қазіргі əлемде сапалы білім беру — өмірлік жетістіктерді анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Мүмкіндігі шектеулі жандар лайықты білім алуға жəне толыққанды өмір сүруге мүмкіншіліктері болуы тиіс.

"Nur Otan" партиясының "Кедергісіз келешек" жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын артыруға бағытталғаны бәрімізге мәлім. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керектігі айтылған болатын. “Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс, бұл – өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз”, – деген болатын Н. Ә. Назарбаев. Жолдауды іске асыру жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында тиісті уәкілетті органдарға мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және оларға қолжетімді инфраструктура, яғни, «кедергісіз орта» құру бойынша ұсыныс енгізу ұсынылды.

Бүгінде Ақтау қаласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша бірқатар шаралар жүргізілуде.

«Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын болады.

Бұл бағытта «Nur Otan» партиясы:

📷 2021-2025 жылдарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамда қолайлы ортамен қамтамасыз ету 30%-дан 75%-ға дейін қол жеткізу;

📷 Мереке күндеріне 1910 мүмкіндігі шектеулі жандарға жылына 5 кезек әлеуметтік төлем беру, соған қоса 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі үйден оқитын балаларға әлеуметтік көмек төлеуге;

📷 Күнкөріс денгейінен төмен табыстары бар отбасыларға және мұқтаж азаматтарға жылына 1 кезек әлеуметтік көмек көрсету және ай сайынғы тұрғын үй көмегін төлеуге;

📷 Көп балалы аналарға жылына 1 рет әлеуметтік көмек беруге;

📷 2022 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін 30 әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым нысандарына 22 пандус орнатуға;

📷 2021 жылы ауданда инклюзивті орталық ашу және тиісті мамандармен қамтамасыз етуге;

📷 2022 жылы инватакси көліктерін 2 данасын қамтамасыз етуге;

📷 Мүгедек адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн-режимде көмекші, көмекші құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндіктер беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізуге ықпал етеді,

📷 Ардагерлерді, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдауға бағытталған жобаларды іске асыру арқылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.

Nur Otan Aktau

#NurOtanға_дауыс_бер

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

0
0
149

Осы тақырып бойынша

"Кедергісіз келешек" жобасы - Yvision.kz