"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы өз жалғасын табуда
"Nur Otan" партиясы Жылыой аудандық филиалының ұйымдастыруымен Ақкиізтоғай округтік депутаты Т. Майлыбаев "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік жұмыспен қамтуды талқылау тақырыбында онлайн кездесу өткізді.
