"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында рейд жұмыстары жүргізілді
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Кербұлақ аудандық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері мүгедектерге арналған әлеуметтік инфрақұрылымның бейімделуін тексеру мақсатында бірқатар мекемелерге рейд жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында мекемелер алдындағы пандустар тексеріліп, пандустар мен сатылардың өлшемі құрылыс нормасы мен ережесі талабына сәйкестілігі тексерілді, сонымен қатар пандустардың нормативтік талаптары бойынша мекеме өкілдеріне ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
