"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мониторинг жұмысы жүргізілді
«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында аудандық партия филиалы жанынан құрылған комиссия мүшелері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты. Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының 6 аймақ (бұдан әрі – 6-аймақ) оның ішінде, «Кірме тобы», «Қозғалыс жолдары», «Қызмет көрсетілетін аймақ», «Санитарлық-тұрмыстық орынжайлар», «Ақпарат және телекоммуникация құралдары», «Объектінің аумағы» бойынша қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет екендігі ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
#kedergisizkeleshek
#Кедергісізкелешек
#кедергісізкелешекқарасайауданы
