"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесу өтті
25 Қазан күні "Nur Otan" партиясының Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Бекішұлы "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті. Кездесу барысында "Қоғамның әлеуметтік проблемалары" тақырыбында сөз қозғалды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың талап-тілектері тыңдалып, қойылған сұрақтарға қолданыстағы заң шеңберінде түсініктер берілді.
