"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған турнир өтті.
Бүгін халықаралық мүгедектер күні. «Nur Otan» партиясының - "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған турнир өтті. Облыстық мүгедектер спорт клубында өткен шараға мүмкіндігі шектеулі 40 спортшы қатысты. Ақтауда бір мезгілде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған үш турнир өтті: есту және көру қабілеті бұзылған спортшылар үшін республикалық турнир, сондай-ақ Дүниежүзілік мүгедектер күніне арналған халықаралық турнир. Шара аясында спортшылар волейбол, шахмат, дойбы және үстел теннисінен бақ сынады. Мүмкіндігі шектеулі болса да, өмірге деген құлшыныстары жоғары жандар үшін мұндай шараларлың маңызы өте жоғары. Өмірдің берген сынағына қарамастан, қоғамның белсенді мүшелері ретінде өз орындарын тапқан жандар. Турнир қорытындысы бойынша, барлық чемпиондар мен жүлдегерлер медальдар және алғыс хаттармен марапатталды.
