«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қабылдау өткізу
2021 жылдың тамыз айының 6 күні «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды Бірыңғай тақырыптық қабылдау өткізу жоспарлануда. Аталған Республикалық акция Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.
Осыған байланысты «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік, денсаулық мәселелері бойынша мемлекеттік бағдарламалардың тетіктері мен шарттарын кеңінен хабарлау, сондай-ақ, толғандыратын сұрақтары бойынша нақты жауаптар алуға мүмкіндіктер ұсынады.
Өтетін орны: «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі онлайн форматта инстаграмм желісі арқылы аумақтық филиал ғимаратында өтеді.
Қабылдауға жазылу үшін 8 (72834) 2-10-61 номеріне және 8 7059948296 хабарласа аласыздар.
