«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында кездесу өтті.
2020 жылдың 4 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Күршім аудандық филиалы және Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімімен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша мониторинг жүргізді.
Жыл басынан мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасынан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы ақылы қоғамдық жұмысқа 4 адам, жастар іс-тәжирбиесіне 2 адам, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында уақытша 7 адам, тұрақты жұмысқа 3 адам орналастырылды.
