«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында
Биылғы оқу жылында, Жетісу ауданы №101,№148 мектеп-гимназияларында инклюзивті білім беруді қолдау жөніндегі заманауи кабинеттер және мектеп ғимаратында модернизацияланған аймақтар (оқушы бос уақытын тиімді өткізу мақсатында) ашылды. Осы орайда, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында, бүгін атаулы білім ұйымдарындағы, инклюзивті кабинеттер мен модернизациялау жұмыстарымен таныстым. Бұл кабинеттер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне тиімді үлес қосу үшін аса маңызды екені даусыз. Кабинеттерде ата-аналарға кеңес беру аймағы, баланың демалу аймағы, мұғалімдер мен мамандардың ұжымдық жұмыс аймағы, сонымен қатар жеке сабақтар өткізуге арналған аймақтарға бөлінген. Мектептерде кез-келген білім алушы баланың дамуына қолайлы жағдай жасалды деп сенімді түрде айтуға болады.
