"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы
"Кедергісіз келешек" жобасы негізгі мақсаты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмірінің сапасын арттыру болатын болса, оларға әлеуметтік саладағы көрсетілетін көмектер, оларға қоғамда қолайлы жағдайлар жасау, қамқорлық көрсету қажеттілігі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру, оларды белсенді әлеуметтік және экономикалық өміргетарту, түрлі деңгейдегі мәдени-көпшілік шараларға қатыстыру жұмыстары мүмкіндігінше атқарылып отырады және бұл мәселе партия мүшелерінің міндетті жұмыстары деп тануымыз керек.
Аудан бойынша 2020 жылдың желтоқсан айының есебі бойынша мүгедек жандардың саны 2048 адам болса, 2019 жылдың 6 айында мүгедек жандардың саны 2889 адам.
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қызмет көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызметкөрсету бойыншамүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде 2019 жылы 19 адам, ал 2020 жылдың 9 айында 28 адам жолдамамен қамтылды. 2019 жылы мүгедектерге санаторий-курорттық емдеуге жолдамамен қамтамасыз ету бойынша 54 адам, 2020 жылдың 9 айында 86 адам қамтылды.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен қарияларға ерекше күтім жасау мақсатында «Зейнеткерлермен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі» ашылды.Орталықта 20 мүмкіндігі шектеулі балалармен - 19 маман жұмыс жасауда. Аудандық филиалдың қолдауымен мүмкіндігі шектеулі балаларға қамқорлық аясында, З.Серікқалиев атындағы мектеп интернаттың жанында тәрбиеленіп, білім алып жатырған 50 балаға мәдени мерекелік кеш ұйымдастырылып, әр түрлі спорттық, сурет салу, қол өнер жарыстарының жеңімпаздарына жүлделі дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Аудандық жұмыспен қамту орталығымен бірлесе өткізілген жұмыс нәтижесінде 2019 жылы 21 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыспен, 2 адам жастар практикасына және 2 мүгедек тұрақты жұмыспен, 2020 жылдың 9 айында 34 мүгедек ақылы қоғамдық жұмыспен қамтамасыз етілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында, ғимараттар алдына пандус салу жұмыстары аудан бойынша бейімдеуге тиіс 110 нысанның жоспар бойынша 2016 жылы - 51, 2017 жылы – 41 бейімделсе, жоспар бойынша 2018 жылы – 18 бейімделді.
