"Кедергісіз келешек" партиялық жобасы.
Nur Otan” партиясы Алатау аудандық филиалында партияның "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған көп балалы отбасылар мен отбасыларды қолдаудың қандай шаралары қарастырылғаны туралы дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды.

Модератор: аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Алдамбергенова Ж. Отырысқа филиалдың Саяси кеңес мүшелері Амиралиева З.Т. , Бахтиева А.Ю. және мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналар қатыстырылды. Естеріңізге сала кетсек Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, көпбалалы аналарға, көп балалы отбасыларға, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жеке гранттар, шағын несиелер бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырған болатын. «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының негізгі мақсаты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың өмірінің сапасын арттыру болып табылады. Оларға тұрақты қамқорлық қажет. @nur_otan_almaty @nur_otan

