ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

"Кедергісіз келешек" партия жобасы іске асуда

"Nur Otan" партиясы Зеренді аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде "Кедергісіз келешек" партия жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті. Қабылдаудың мақсаты мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесін көтеру болды. Қабылдауға "Nur Otan" партиясының Зеренді аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абдуахитов Руслан Абайұлы, Зеренді ауданының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Боканова Эльмира Асқарқызы, "Жұмыспен қамту орталығы" КММ-сінің директоры Сматво Асан Жұмабекұлы қатысты. Қабылдау барысында Whatsapp желісі арқылы, мүмкіндігі шектеулі азаматтардан медициналық қызмет көрсетудің сапасы, мүгедектік үшін төленетін жәрдемақының төмендігі және біржолғы жәрдемақы алуына көмектесу туралы өтініштер келіп түсті. Қабылдау барысында 2 мәселе шешімін тапты. Бірі толық медициналық қызмет ала алмай жүрген ІІ топ мүгедектігі бар азаматқа ендігі жерде Зеренді аудандық ауруханасының бас дәрігері Калымжанов С.К. қолдауымен, толық медициналық тексеруден өтіп, тиісті дәрі дәрмекпен қамтылады. Екінші мәселе, біржолғы қаржылай көмек көрсету туралы өтініш білдірген Айдарлы ауылының тұрғыны, ІІ топ мүгедектігі бар заматтың отбасылық жағдайы анықталып, аудандық "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-сі тарапынан біржолғы қаржылай көмек көрсетілетін болды.

#Кедергісізкелешек