«Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында қабылдау жүргізілді
«Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында "Nur Otan" партиясы Қарасай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде карантин талаптарын сақтай отырып, Алматы облыстық мәслихат депутаттары Жанна Жазықпаева және Жалғасхан Донбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келген «Жігер-М» мүгедек спортшылар федерациясының президенті Тәжіғали Ходжамұратов 25 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Румыния астанасы Бухарест қаласында мүгедек спортшылар арасында өтетін әлем чемпионатына аудан атынан 4 спортшы қатысатынын айтып, спортшыларға қаржылай қолдау көрсетуді сұрады.
Қабылдауға келген екінші азаматша, Жібек жолы ауылдық округінен келген көпбалалы ана, мүмкіндігі шектеулі баласының еміне қаржылай көмек көрсетуді сұрады.
Қабылдауға барысындағы тұрғындардың өтініштері ескеріліп, тиісті көмек көрсетілді.
#кедергісізкелешек
#кедергісізкелешекқарасайауданы
#бақыттыотбасы
#бақыттыотбасықарасайауданы
