Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Кедергісіз келешек»

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Аталған жобаны төрт бағыт бойынша жүзеге асыру жоспарланған: мүгедектерді тұрақты еңбек орнына жұмысқа тұрғызу; мүмкіндігі шектеулі адамдарға кедергісі жоқ жағдай жасау; мүгедектердің құқығын тиімді жүзеге асыратын құқықтық алаң құру.

Осы орайда ,«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек»» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен Zoom платформасында онлайн отырыс болып өтті. Отырыста «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімінің директоры Г.Ақниязова, партия кеңесшісі Н.Ордаған және 2 топтағы мүгедек Еркебаев Сәлімжан қатысты.

Отырыста, бүгінгі күнгі мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмектер және қоғамның толыққанды мүшесі болуда кездесіп жатқан қандай да бір кедергілері туралы сөз қозғалды.

Еркебаев Сәлімжан өзінің денсаулығы бойынша мағлұмат беріп, емханаға қатынайтын қоғамдық көліктердің жол жүру маршрутында кездесетін кедергілері жөнінде, жұмыспен қамту бойынша мүгедектердің жұмыспен қамтылуы жөнінде өз ой-пікірін айтып, ұсыныстарын алға тартты.

Осы бағытта мүгедектер тарапынан түскен барлық ұсыныстар ескеріліп, партия тарапынан қадағалауға алынатын болады

0
0
119

Осы тақырып бойынша

«Кедергісіз келешек» - Yvision.kz