Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

#Кедергісіз келешек

«Nur Otan» партиясы Елбасы, партия Төрағасының тапсырмасымен мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Осы бағытта арнайы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы да жұмыс істеп жатқаны баршамызға белгілі. «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыруға бағытталған.

«Кедергісіз келешек» жобасына жаңа серпін беріліп, нақты төрт басымдық белгіленді. Біріншіден, мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін жүріп-тұруына ыңғайлы әрі кедергісіз жағдай жасалуы қажет. Екіншіден, осы санаттағы балалардың инклюзивті білім алуына көмектесуіміз керек. Үшіншіден, мүгедектерге тұрақты жұмысқа тұруына қамқорлық жасау. Олар ақша тауып, өзін-өзі асырай білуі керек. Төртіншіден, осы саладағы заңнаманы жетілдіру.

Бұл жоба аясында 2020 жылдың басынан бастап мүмкіндігі шектеулі 21 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде 8 адам қоғамдық жұмыс, қалған 13 адам толыққанды қызметке алынды.

«Nur Otan» партиясының басты міндеттерінің бірі «Кедергісіз келешек» жобасын табысты іске асыру болып табылады, оның негізгі мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу деп білеміз.

0
0
141

Осы тақырып бойынша

#Кедергісіз келешек - Yvision.kz