«Кедергісіз келешек»
«Кедергісіз келешек» атты партиялық жоба аясында мүмкіндігі ерекше жандарды жұмыспен қамтамасыздандыру қоғамдағы ең басты мақсат болып табылады.Ерейментау аудандық жұмыспен қамту орталығының ақпараты бойынша:жалпы 897 адам жұмыспен қамтамасыздандырылған,соның ішінде мүмкіндігі ерекше жанадардың саны-33,қоғамдық жұмысқа-237 адам, жастар практикасы бойынша -27 адам орналастырылған.Шағын кәсіпкерлікке 93-микрокредит,25-грант бөлінген.Ерейментау аудандық жұмыспен қамту орталығына жүгінген азаматтардың барлық өтініштері мен арыздарын орталық жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері мұқият қарайды және өтініш берушілердің біліміне, біліктілігіне сәйкес одан әрі жұмысқа орналасу үшін бар бос орындар ұсынылады.Сондай ақ Ерейментау ауданы бойынша мемлекеттен шағын несие алып жеке кәсіпкерлікпен айналысқан мүмкіндігі ерекеше жандарды атап өтуге болады олар: «Свой сервис»ЖК Ботпаев С., «Ермак»ЖК Деревянченко А.В және т.б. Мүмкіндігі ерекше жандарды жұмыспен қамтамасыздандыру мәселесі әрдайым партияның «Кедергісіз келешек» атты партиялық жобасы аясында басты назарда.
