Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Кеден одағы аумағындағы тағамдық қоспаларға талаптар»

Адам организміне қауіп-қатер төндірмейтін өнімдерді сапасы жақсы өнім деуге болады. Сапалы өнімде адам денсаулығына қауіпті қоспалар болмауы керек. Тағамдық өнімдер өндірісі кезінде тағамдық қоспаларды тұтыну қауіпсіздігін, тұтынушылардың алдануына әкеп соғатын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында келесі талаптар сақталуы қажет:

- тағамдық өнімдердің адам денсаулығына жағымсыз әсер беруі мүмкін қауіп-қатер дәрежесін арттырмау;

- жетілген технология бар болған жағдайда ғана және тағамдық өнімнің тұтынушылық құрамын арттыру қажеттілігі кезінде ғана өнімнің жарамдылық мерзімін ұзарту;

- тағамдық өнімнің тұтынушылық құрамына қатысты, тұтынушыларды жаңылыстырмау;

- өнімнің органолептикалық көрсеткішін төмендетпеу;

- технологиялық тиімділікке жету үшін тағамдық өнім өндірісі кезінде тағамдық қоспаларды аз қолдану;

- ген-түрлендірілген организмдерді және басқа да биотехнологияларды қолданумен әзірленген Кеден одағының біріңғай кедендік аумағында айналымда жүрген тағамдық қоспалар «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына сәйкес келуі қажет.

Евразиялық экономикалық комиссия кеңесі тағамдық қоспаларға, хош иістендіргіштерге, технологиялық қосалқы қоспаларға, тағамдық қоспалардың таңбалануына, өндірісіне, сәйкестендіруіне, аналамға шығарылуына ереже орнатып, «Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы қоспалар қауіпсіздігіне талаптар» 029/2012 Кеден одағының техникалық регламентін бекітті. Бұл техникалық регламент тағамдық қоспалардың таңбалануына, өндірісіне, сәйкестендіруіне, аналамға шығарылуына талаптар орнатады, тағамдық қоспа қауіпсіз болу үшін қандай шарттар сақталуы керектігін анықтайды.

Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы қоспалар қауіпсіз және сақтау шарттары сақталған жағдайда оның жарамдылық мерзіміне дейін қаптамадығы тұтынушылық құрамы сақталатындай қапталуы қажет.

Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық қосалқы қоспалар қаптау кезінде тағамдық өнімдермен түйісетін материалдардың қауіпсіздігі туралы Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына сәйкес келетін материалдар қолданылу керек.

Сонымен қоса, Кеден одағының біріңғай кедендік аумағында тағамдық өнімдерге қойылатын талаптарды орындау мен қолдану, өнімді Кеден одағының біріңғай кедендік аумағында айналымға шығару сияқты еркін қамтамасыз етілу керектігін айтқым келеді.

Өнім сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар туралы толық ақпарат алғысы келетіндерге, Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне хабарласуға кеңес береміз. Мекенжайымыз: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 107. Телефон: 25-57-89. Еmail: [email protected].

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жетекші маманы – Ақмола облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы – Жандинова Айгерім Искинеқызы.

1
0
1939

Осы тақырып бойынша

«Кеден одағы аумағындағы тағамдық қоспаларға талаптар» - Yvision.kz