Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кең таралған 10 мемлекеттік қызмет

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистері мен бэк-офистері арқылы барлық мемлекеттік қызметтердің 83% көрсетіледі. Олардың қайсысы жоғары сұранысқа ие?

Бірінші орында мекенжай анықтамасын беру қызметі (2017 жылғы 11 ай ішінде 932 883 анықтама берілді). Негізінен, мұндай анықтамаларды жұмысқа орналасу және оқу орындарына ұсыну үшін алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және қайтару бойынша 242 619 қызмет көрсетілді (электрондық-цифрлық қолтаңба).

Үшінші орында жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру қызметі тұр. 11 ай ішінде 93 943 қызмет көрсетілген.

Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама да жиі сұратылады. Мемлекеттік корпорацияның фронт-офистері арқылы мұндай анықтама 141 654 азаматқа берілді.

Осы он бір ай ішінде мемлекеттік корпорация 134 140 рет бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат беру қызметін көрсетті.

Жыл басынан бері сотталғандығы болуы не болмауы туралы 67 766 анықтама берілді. Бұл анықтама азаматтарға жұмысқа орналасу үшін керек.

Биыл 11 ай ішінде Қазақстан Республикасының азаматтары 76 772 төлқұжат пен жеке куәлік алды. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу - 76 157;

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметіне қазақстандықтар 46 076 жүгінген.

Биыл 11 ай ішінде азаматтарға 30 790 жүргізуші куәлігі берілген.

0
0
264

Осы тақырып бойынша

Кең таралған 10 мемлекеттік қызмет - Yvision.kz