Мазмұнға өту
Обложка сообщества Новости

Кеңеске әдеп жөніндегі уәкіл қатысты

08.10.2020 жылы әдеп жөніндегі уәкіл Ә.Р. Айтуарова Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын түсіндіру бойынша Қостанай облысының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған онлайн форматтағы кеңеске қатысты.

I. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі

Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру қажет.

Ең алдымен, мемлекеттік басқаруға, кадр саясатына, шешім қабылдау жүйе­сіне және оларды орындау жауапкершілі­гіне деген көзқарасты өзгертуден бас­тауымыз керек.

Пандемия және дағдарыс жағдайында мемлекеттік басқару жүйесі бар күш-жігерін жұмылдырып жұмыс істеуде. Жедел шешімдер қабылдау айтарлықтай уақыт пен қаражатты талап етеді. Бірақ алдағы жоспарларды назардан тыс қал­дырмауымыз қажет. Сондықтан мен тікелей Президентке бағынышты болатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым.

Бұрын мұндай орган болды және өз жұмысын ойдағыдай атқарды. Енді осы агенттік қайтадан тұтас мем­лекеттік жос­парлау жүйесінің негізгі орта­лығы­на айналады. Агенттік ұсынған реформалар нақты, іске асатын және ең бас­тысы, бар­лық мемле­кет­тік органдар үшін орын­дауға міндетті болуға тиіс.

Реформалар жөніндегі жоғары прези­денттік кеңес құрылады. Бұл кеңестің шешімдері түпкілікті болады. Тез өзгеріп жатқан ахуалға шынайы баға беру үшін Статистика комитеті Агенттік құрамына беріледі.

Дәстүрге сай, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жоспарлау, орындау және бағалау қызметін негізінен мемлекеттік аппарат атқарады. Бұл – дұрыс емес.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі адам ресурстарын барынша жұмылдыруға тиіс, яғни жеке сектор мен қоғам өкіл­дерін толыққанды серіктестер ретін­де жұмыстың барлық кезеңіне – жоспар­лауға, орындауға және бағалауға тартуы керек.

Сан алуан көрсеткіштер мен индика­т­ор­лардан тұратын мемлекеттік бағдар­ламалар әзірлеуді тоқтату қажет. Барша аза­матқа түсінікті, қысқа әрі нұсқа ұлттық жобалар форматына көшкен жөн. Негіз­гі мақсат – жұмыстың барысы емес, нәти­жесі болуға тиіс.

Осындай түбегейлі реформаны жүр­гізу үшін мемлекеттік аппараттың қыз­ме­тін қайта қарау керек. Бұл мәселе бойынша реформаларды жоспарлау мен жүзеге асырудың үйлесімділігі аса маңызды.

Мемлекеттік қызмет жүйесін ретке келтіріп, қайта құру керек. Пандемия ке­зінде мемлекеттік қызметшілердің басым бөлігінің қашықтан жұмыс істеу режіміне көшуі мемлекеттік аппаратты қысқарту керектігін және бұған толық мүмкіндік бар екенін көрсетті.

Мемлекеттік аппарат және квази-мемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға, ал келесі жылы 15 пайызға қысқартқан жөн. Осылайша біз 2021 жылы шенеуніктердің санын 25 пайызға қысқарту мәселесін шешетін боламыз. Соның нәтижесінде және цифрландыру үдерісін ескере отырып, одан әрі қысқарту туралы шешім қабылдаймыз.

Үнемделген қаражаттың есебінен қалған қызметкерлердің жалақысын көбейтетін боламыз. Еңбекақысы аз мемлекеттік қызметтің қоғам үшін пайдасынан зияны көп. Бұл мәселеге жете назар аудармау кері кетуге, біліктілік пен бастамашылдықтан айырылуға, сондай-ақ ең сорақысы, жемқорлыққа әкеп соқтырады. Сондықтан 2021 жылғы 1 шілдеден бастап балдық-факторлық жүйе енгізілуге тиіс. Мұндай жоба мем­лекеттік қызметшілердің құлшы­ны­сын арттырып, жауапкершілігін нығай­та түседі.

Бізге жаңа кадрлар, яғни кәсіби бі­лікті, озық ойлы және бастамашыл ма­ман­­дар аса қажет. Мемлекеттік қызмет қол жет­пейтін жабық кастаға айналмауға тиіс.

-------------------------------------------------------------

08.10.2020 года уполномоченный по этике Айтуарова А.Р. приняла участие в совещании в онлайн формате, организованном Департаментом Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по Костанайской области с участием государственных служащих Костанайской области по разъяснению Послания Президента Республики Казахстан Касы́м-Жома́рта Кеме́левича Тока́ева.

I. НОВАЯ МОДЕЛЬ ГОСУДАРСТВЕННОГО УПРАВЛЕНИЯ

Реформы в этой сфере следует проводить системно.

Начнем с того, что изменим подходы к государственному управлению, кадровой политике, системе принятия решений и ответственности за их выполнение.

В условиях пандемии и кризиса действующая система госуправления работает на максимальных оборотах. Решение оперативных задач отнимает время и ресурсы. Но ни в коем случае нельзя выпускать из виду дальний горизонт. Поэтому мною принято решение создать Агентство по стратегическому планированию и реформам с прямым подчинением Президенту.

Подобный орган ранее существовал и успешно выполнял возложенные на него задачи. Теперь он вновь станет центральным звеном всей системы государственного планирования. Разрабатываемые Агентством реформы должны быть конкретными, реалистичными и, самое главное, обязательными к исполнению всеми госорганами.

Создается Высший президентский совет по реформам, решения которого станут окончательными. Для большей объективности оценки быстро меняющейся ситуации в состав Агентства переводится Комитет по статистике.

Так сложилось, что в системе государственного планирования главным планировщиком, исполнителем и оценщиком выступает госаппарат. Это неправильно.

Система государственного планирования должна обеспечить мобилизацию всех человеческих ресурсов, вовлечь частный сектор и общество в качестве полноценных партнеров на всех этапах: планирования, исполнения, оценки.

Следует прекратить подготовку государственных программ с большим количеством показателей и индикаторов. Пора перейти на формат лаконичных национальных проектов, понятных всем гражданам. В качестве целеполагания следует определить главенство результата над процессом.

Проведение столь кардинальной реформы потребует пересмотра деятельности всего госаппарата. Здесь важное значение приобретает синергия в планировании и реализации реформ.

Потребуется перезагрузить систему государственной службы. Пандемия и перевод большинства сотрудников государственных органов на режим удаленной работы показали, что госаппарат можно и нужно сокращать.

Поручаю ускорить сроки сокращения госаппарата и работников квазигоссектора. В этом году следует сократить их на 10%, а в следующем году – еще на 15%. Таким образом, задачу сокращения чиновников на 25% мы решим уже в 2021 году. В зависимости от результатов и с учетом цифровизации примем решение и о дальнейшем сокращении.

За счет сэкономленных средств будет повышена заработная плата оставшихся работников. Низкооплачиваемая государственная служба обходится обществу слишком дорого. Недопонимание этого вопроса ведет к отрицательной селекции, потере компетенций, инициативы и, самое главное, – к коррупции. Поэтому с 1 июля 2021 года следует внедрить факторно-балльную шкалу. Это приведет к усилению ответственности и мотивации госслужащих.

Мы остро нуждаемся в новых кадрах – профессиональных, со свежими взглядами и инициативами. Госслужба не должна превращаться в закрытую касту.

0
0
195

Осы тақырып бойынша