ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Кеңес отырысы өтті

Бүгін “Nur Otan”партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі қоғамдық кеңестің ZOOM форматында отырысы өтті. Қоғамдық кеңес төрағасы Қазиев Сағын Самиғоллаұлы күн тәртібіндегі мәселелер туралы айтып өтіп,кеңесті жүргізді.Күн тәртібінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы бөлім басшысы Баймұқанов Саян Қуанышұлының есебі тыңдалды.Сонымен қатар комиссия мүшелері сөз алып, бөлімнің атқарған жұмыстары туралы ақпаратқа сәйкес әлеуметтік портал,инватакси жұмыстары жөнінде сұрақтар қойып,ұсыныстар білдірді. Отырыста сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын түсіндіру, бұл тұрғыда қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру, келеңсіздікке қарсы күрес бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын қатаң бақылауға алу мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізу ұсынылды.

Қоғамдық кеңес отырысында партия аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес келесі отырыстың күн тәртібі бекітілді.