Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«KazTransOil» компаниясына бизнес пен инвестицияларды қорғау жобасы таныстырылды

«KazTransOil» акционерлік қоғамында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен кездесу болып өтті. Іс-шараға компанияның бас инженері Фархат Ташибаев, басқарма және құрылымдық бөлімшелер өкілдері қатысты.

Агенттіктің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілі және фронт-кеңсенің үйлестірушісі Ербол Жұмабай компаниялардың қызметкерлеріне қазақстандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының заманауи трендтері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы Агенттіктің бастамасымен қолға алынған жаңа жобалар, колл-орталықтары және әлеуметтік желілер арқылы тұрғындармен кері байланыс механизмі туралы түсіндіріп өтті.

Спикер сонымен бірге кәсіпкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу жобасымен таныстырып, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік бойынша жеткізе отырып, компаниялардың еңбек ұжымдарын республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысты қолдауға және «Protecting business and investments» жобасына қосылуға шақырды.

Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнеролик көрумен аяқталды.

0
0
534

Осы тақырып бойынша

«KazTransOil» компаниясына бизнес пен инвестицияларды қорғау жобасы таныстырылды - Yvision.kz