"Казтрансгазаймақ" ұжымы мүшелерімен кездесті.
Бүгін "Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды штаб мүшелері бүгінгі жұмыс жоспарына сәйкес "Казтрансгазаймақ" ұжымы мүшелерімен кездесті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Г.Серікова, Н.Сәрсенбайдың сенімді өкілі Е.Бекмұратов және штаб мүшелері Қ.Исаев, И.Серікбаев, Р.Дұрысбаев, Ж.Қуатбаева қатысып, партияның алда атқарылатын жоспарларымен таныстырып, алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндады. Сайлауалды бағдарламамен танысқан "Казтрансгазаймақ" қызметкерлері алдағы жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанында дауыс беруге ұйымшылдықпен қатысып, дұрыс таңдау жасайтындықтарын айтты.
