Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«КазТрансГазАймақ»БПҰқалалықпартия филиалы спикерлерінің қатысуымен кеңейтілген онлайн отырысы өтті.

Бүгін «КазТрансГазАймақ» бастауыш партия ұйымында қалалық партия филиалы спикерлерінің қатысуымен кеңейтілген онлайн отырысы өтті. Онлайн шараға партияның белсенді мүшелері, Бюро мүшелері қатысты. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылаудан басталды.

Мемлекет дамуының темірқазығы Қазақ Халқы екенін ерекше көрсеткен Мемлекет басшысы, экономика дамуының қиын кезеңіндегі 7 негізгі бағытын қадап көрсетіп, әлеуметтік даму мен ұлт болмысы туралы да салиқалы пікірлер білдірді. «Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Қасымжомарт Кемелұлының Қазақстан халқына Жолдауы - ел тұрақтылығын нығайтып, әлеуеті мен экономикасын дамытуға арналған бірден-бір маңызы зор талаптар мен ұсыныстар жиыны болып табылады.

Сонымен қатар, жиын барысында Мемлекет басшысының ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеуі талқыланды. Ел Президенті Қ.К.Тоқаев өз үндеуінде:

- Біздің ортақ миссиямыз – Қазақстанды өркендету, азаматтарымыздың игілігі үшін қызмет ету. Қазақстан халқы аса маңызды тарихи сындарлы сәттерде бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Халқымыз осы жолы да елімізді жан-жақты жаңғырту бағытындағы жаңа тарихи миссиясын лайықты атқарады деп сенемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында еліміз кемелдене түсіп, дамудың жаңа кезеңіне шығатынымыз анық, -деп айтқан болатын. Осыған орай, бастауыш партия ұйымының мүшелері өз пікірлерімен бөлісті.

Жиын соңында партия мүшелері еліміздің демократиялық даму жолындағы мемлекет басшысы көрсеткен бағыттар мен тапсырмаларды жоспарлы орындап, халық арасында кең насихаттау керектігін айтып, қаулы қабылдады.

0
0
132

Осы тақырып бойынша