Казталов ауданына көшпелі кездесу өткізілді
2017 жылдың 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелерімен Казталов ауданына көшпелі кездесу өткізілді.
Аудандық әкімдікте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақовтың, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы М.Қожабаевтың және аудан активінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
Б.Исақов өз сөзінде қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдардың, соның ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметінің негізгі күші сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарымен күрестен гөрі, оның алғышарттарын және оған себеп болатын жағдайларды жоюға бағытталғандығын атап өтті.
Сонымен қатар, Департамент басшысы «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар Жоспарының жобасымен» таныстырды.
Көшпелі кездесу барысында мобильдік топ мүшелері ауданның және ауылдық округтардың тұрғындарына қабылдау өткізді.
