ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Казталов аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері көшпелі отырыс өткізді

04 наурыз күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері көшпелі отырыс өткізіп Казталов ауданы бойынша тұрғындарды Газбен қамтамасыз ету мәселесін қарады. Ақпатер, Казталов ауылдарында орналасқан ГРП (газ реттегіш пункт) жұмысын тексерді. Осындай ГРП-ның аудан бойынша 9 орналасқан. Жалпы Казталов ауданы бойынша 28 елді мекенде 5454 тұрғын үй көгілдір отынды пайдаланады. Тұрғын үйлер жылына екі газ қондырғыларына техникалық қызмет көрсетіп тұрады. Аудан бойынша қызмет көрсететін 33 арнайы маман бар. Газдан болатын апаттардың алдын алу үшін тиісті мекеме тарапынан тұрғындарға жаднама таратып, әлеуметтік желілермен баспасөз беттеріне мақалалар беріліп тұрады.