"КАZCargo" ЖШС қызметкерлерімен кездесу
Бүгін ағымдағы жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасының Президенттiгiне кандидат - Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдауға арналған қоғамдық штабының өкілдері "КАZCargo" ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Коғамдық штабтың мүшесі - Дүйсенов Бауыржан Бекберұлы Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстыра отырып, қызметкерлердi сайлауға қатысуға және өзi ұсынып отырған кандидатқа дауыс беруге шақырды.
Қ.Тоқаевтың "Ұлы Абай айтқан «Толық адамға» тән қасиеттің бәрі халқымыздың бойында тоғысуы қажет екенін үнемі айтып жүрмін. Сондықтан, еңбекқорлық, білімге ұмтылыс, заңды құрметтеу және құқықтық тәртіпті сақтау, атаққұмарлықтан, радикализмнен аулақ болу, пайдакүнемдік пен ысырапшылдықтан, масылдық пен енжарлықтан жирену, адамгершілікті ардақтау, өзгеге тілектес болу және өзара жәрдем көрсету сияқты қасиеттер біздің мәдени кодымызға айналуы керек.
Осы құндылықтарға адал болу нағыз қазақстандық патриотизмнің, яғни шынайы отаншылдықтың үлгісі болмақ. Желбіреген көк байрағымыз, көк түсті төлқұжатымыз және мемлекеттік тіліміз – барша азаматымызға ортақ нышандар. Солар арқылы егемен еліміздің мемлекеттілігін, халқымыздың бірлігін, тұтастығын, Қазақстан Республикасының күш-қуатын күллі әлемге паш етеміз" деп айтқан сөздерімен таныстырылды. Ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні өтетін ҚР Президентін сайлауына бір кісідей қатысып, дауыс беруге шақырды.
#Toqaev2022






