Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Казатомпром – МАЭК» қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті.

"Nur Otan" партиясы Ақтау қалалық филиалының қолдауымен ағымдағы жылдың 14 қараша күні «Маңғыстау Арена» спорт кешенінде "Салауатты өмір салты" тақырыбында «Казатомпром – МАЭК» қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті. Жарыс барысында қатысушылар өздерінің табандылықтарын, ептіліктерін және төзімділіктерін көрсетті.

Журханов Ғали Қараманұлы, инженер технолог:

– Ойын өте ұнады. Осындай жарыстар жиі ұйымдастырылса жақсы болар еді. 2:1 есебімен біздің команда жеңіске жетті. Келесі ойынымызды асыға күтеміз. Жеңеміз деген үміттеміз. Жарыс өтеді дегенді естіп ұжыммен белсенді түрде дайындалдық.

Шараны өткізудегі мақсат – қызметкерлер арасында дене шынықтыру мен спортты насихаттау арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлес қосу, үнемі байланыстырып отыратын осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Осы тақырып бойынша

«Казатомпром – МАЭК» қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті. - Yvision.kz