Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Катонқарағай ауданының ауған соғыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Ж Нұқсиев канвассинг кездесу өтті

2021 жылдың 20 мамырында ауған соғысының ардагері, Катонқарағай ауданының ауған соғыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұқсиев Нұрлыбек Жұмабайұлымен канвассинг кездесуін өткіздім. Ауған жерінде интернационалдық борышын 1985-1987 жылдары абыройымен өтеп, елге аман оралған жауынгер-интернационалист Катонқарағай ұлттық паркінің Орман қорғау және өндіру бөлімінің орман патология инженері. Кездесу барысында аудандағы экологиялық туризмді дамыту, елді мекендерде инфрақұрылымды дамыту, аудан ішіндегі жолдарды жөндеу, жалпы ауданға қатысты мәселелер жайлы сұхбат өтті. Нұрлыбек Жұмабайұлы Катонқарағай ауылында және жалпы ауданымызда жүргізіліп жатқан жұмыстарға көңілі толатындығын айтып, жергілікті халықтың жағдайын жақсарту жағында өз ой-пікірімен бөлісті.

0
0
204

Осы тақырып бойынша

Катонқарағай ауданының ауған соғыс ардагерлер кеңесінің төрағасы Н.Ж Нұқсиев канвассинг кездесу өтті - Yvision.kz