Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Катонқарағай аудандық сайлау комиссиясы...

Катонқарағай аудандық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Катонқарағай ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі: Ново-Хайрузовка сайлау округі Ново-Хайрузовка ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша: Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 759 азамат енгізілді, олардың 692-сі дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 22, "Барлығына қарсы" бюллетеньдер саны - 53. Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны: Какоков Алтайбек Шаяхметұлы -39; Мұхаметқаиров Марат Қасымбайұлы-472; Солтанов Марат Ерланұлы-106. Ново-Хайрузовка ауылдық округінің әкімі болып Мұхаметқаиров Марат Қасымбайұлы сайланды, 1980 жылы туған, "Мухаметқаиров ЖК" өндіріс жөніндегі директоры, Ново-Хайрузовка округінің Ново-Хайрузовка ауылында тұрады, "Ауыл" ХДПП партиясымен ұсынылған.

0
0
197

Осы тақырып бойынша

Катонқарағай аудандық сайлау комиссиясы... - Yvision.kz