Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Канвассинг өтті.

"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында аудандық мәслихат депутаты С.Аманбаев Достық ауылдық округінің еңбек ардагерінің қал-жағдайын біліп қайтты.

Шынгереева Меңсұлу Жұмағалиқызы 1947 жылы, 1 Шежін ауылында туып өскен. Еңбек жолын 1968 жылы Крупская мектебінде мұғалім ,1970 жылы Ермольчев мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, жұмыстар атқарды. 1977 жылы отбасылық жағдаймен Семиглавый Мар РСХО совхозына көшіп келіп, мектепте бастауыш сынып мұғалімі болды. 1978 ж Семиглавый Мар совхозында «Ақбота» балабақшасының меңгерушісі болып тағайындалады. 1992 жылы балабақша жабылып, 1996 жылға дейін Семиглавый Мар интернатында тәрбиеші болып істеді.

2000 жылдан бастап кітапханада Шынгереева Меңсұлу Жұмағалиқызы қызмет атқара бастады. Ол кезде кітапханада кітапхана қоры 8000 дана, оқырмандар саны – 450 адамға жеткен. Кітапхана оқырмандарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізді. Мамбетов Болат, Насырова Узипа сынды тың игерушілерменкездесу сағаты өткізілді. Осы тың игерушілерге арнап кітап шығарылған. Кітапханада 5-6 сынып оқушыларымен «Жас эколог» атты клуб ұйымдастырылды. «Ертөстік», «Үш қыз», «Алдар көсе ертегілері» сахналанды. «Менің өлкем» атты тақырыптық сағат өткізілді. 2003 – 2005 «Ауыл жылына» арналған стенд ұйымдастырылды. Оқырмандарға жылжымалы кітапхана жұмысы ұйымдастырылып тұрды. Темір жол мен элеватор жұмысшыларына кітаптарды, газет – журналдарды жұмыс орнына апарып, қамтамасыз етіп тұрды. Кітапханада сөзбен жабыстырма жұмыстарына арналған «Умелые ручки» атты клуб жұмыс істеген.

2005 жылы Шынгереева Меңсұлу Жұмағалиқызы зейнетке шықты.

0
0
155

Осы тақырып бойынша

Канвассинг өтті. - Yvision.kz