ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Канвассинг өтті.

Канвассинг өтті.

3.01.2021ж. Бүгін «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Альбек Талдыбаев ,Ақмарал Камзаева Шыңғырлау ауданы мен облысымыздың дене тәрбиесі мен спортын дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға лайықты үлес қосқан білікті маман, «Шыңғырлау ауданының Құрметті азаматы» Александр Пятинмен кездесті.Кездесу барысында біз «Nur Otan» партиясының ауданда салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорт түрлерін дамытуға, спорттық инвентарьлар алу мақсатында жергілікті бюджеттен қомақты қаржының бөлінуіне, ауданда заманауи Денешынықтыру-сауықтыру кешенінің салынуына партияның зор ықпал жасағанын айта отыра, болашақта да жас ұрпақты теріс қылықтарға бой алдырмау бағытында ауданымызда салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін келелі істер жоспары жасақталғанын баян етілді.

Еңбегі еленген спорт жаттықтырушысы А.Пятин өз кезегінде аудан көлемінде спорт түрлерінің жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап келе жатқан «Nur Otan» партиясының жұмысына ризашылық білдіріп, Партияның сайлау алды бағдарламасына зор баға беріп, алдағы саяси додада жеңіске жету үшін сәттілік тіледі.