«Канвассинг» шарасы аясында аудандық мәслихат депутаты М.Амантаев зейнеткерді мерекесімен құттықтады
«Канвассинг» шарасы аясында аудандық мәслихат депутаты Маралбек Болатбекұлы партия ардагері, ұзақ жылдар мәслихат хатшысы қызметін атқарған Тойшыбаев Батырғали ағайдың үйінде болып, хал-жағдайын біліп қайтты.
Кездесу барысында депутат "Nur Otan" партиясының 2025 жылғы арналған бағдарламасы негізіндегі Жол картасымен таныстырып, алдағы атқарылар жұмыстар жөнінде пікір алмасты. Ардагер депутаттың жұмысына сәттілік тілеп, алғысын білдірді.
