Канвассинг кездесулер жалғасуда
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған кандидаттар Сержан Байсбаев, Ақерке Әбдіқадыр, Бақыт Стамкулов, Бауыржан Худайбергенов, Нұрлан Байкенжеев, Бағлан Мұсабеков Майдантал ауылының тұрғындарымен кездесті.
Канвассинг іс-шарасы аясында өткен кездесуде сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы «Қауіпсіз қала», «Түнгі қала», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Көше», «Балалар түнгі қалада», «Жасөспірім» сияқты профилактикалық шараларын өткізуге, 15 ауыл округтерінде (Шаға, Үшқайық, Жүйнек, Шорнақ, Оранғай, Қарнақ, Қарашық, Байылдыр, Жібек жолы, Ескі Иқан, Жаңа Иқан, Ащысай, Яссы, Майдантал, Бабайқорған) 2025 жылдың соңына дейін жарықпен қамтамасыз ету үшін көшелерге толық жарық диодты шам мен тіректер (столба) орнатуға, өңірде қоғамдық келісім мен этносаралық өзара татулықты қамтамасыз етуге, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру үшін кешенді жұмыстар атқаруға ықпал етіп, бақылауда ұстайды.
