"КАНВАССИНГ" кездесу өтті
Жымпиты ауданының мектептерінде мұғалім болып еңбек еткен Кама Хабиқызы кейіннен Жымпиты ауданы орталығындағы балабақша меңгерушісі, аудандық оқу бөлімінің инспекторы қызметін абыроймен атқарған. Сондай-ақ, Орал қаласында өткен облыстық мұғалімдердің 4-ші съезіне, Москва қаласында өткен демократиялық жастарының Бүкілдүниежүзілік VI-шы фестиваліне қатысып, қоғамдық жұмыстарда белсенді қызмет атқарған Ұстаз-Ананың еңбегі зор екендігі кездесу барысында айтылды.
«Сандардың сындарлы сырының мәніне үңілсен», «Қазақ тілін үйренейік, балақай!» тақырыптарындағы әдістемелік дидактикалық көрнекі құралдардың авторы, ақын-сазгер. «Періште көңіл» өлеңдер жинағының, «Байбарақ батыр» жыр кітабының, бірнеше әндердің авторы өз келіні Айсұлуға риза екенін әңгімеледі.
«Батаменен ел көгерер» дегендей, Кама Хабиқызы - Еліміз тыныш –болашағымыз жарқын болып, ел қамын ойлайтын азаматтардың амандығын тіледі. Сондай-ақ, партияның саясатын қолдайтындарын білдірді.
