Канвассинг кездесу өткізді.
Канвассинг кездесу өткізді. Əне - міне дегенше сайлау науқанының үгіт - насихат жұмыстарының аяқталуы жақындады. Осы уақыт аралығында "Nur Otan" партиясының сайлауалды штаб мүшелері, кандидаттар мен сенімді өкілдер қызу жұмыстар атқарып жатыр. Бүгінгі күні де штаб мүшелері мен облыстық мəслихат депутаттығына кандидат Арылбек Қораласбаев жəне аудандық маслихатқа кандидаттар Раушан Жұманқұлова, Сатжан Мамырбаев үгіт насихат жұмыстарын да қарқынды жүргізуде. Олар үйді үйді аралап, сайлаушылармен тағы да тілдесті. Үгіт жұмысы барысында партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Еліміздегі саяси - экономикалық жағдай, ауылдағы мəселелер де шет қалмады. Əңгіме барысында үміткерлер тұрғындардың əл - ауқатын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқанына да тоқталды. Əлеуметтік мəселе төңірегінде көптеген сұрақтар туындап, нақты жауаптар берілді.Үгіт - насихат жұмысы соңында 10 қаңтар күні шешуші сəтте қолдау мен дұрыс таңдау жасап, " Nur Otan" партиясына өз дауыстарын беруге шақырды.


