Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Канвассинг іс-шарасы жалғасуда

«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Талғат Садуов, Гүлдариға Жұмагелдиева, Ұлбала Мұсаханова Канвассинг іс-шарасы аясында Кентау қаласында насихат жұмыстарын жүргізді.

Ардагер ұстаздар Өмірбек Жүсіпов пен Мейрамкүл Әшірованың шаңырағында болып, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

«Nur Otan» партиясы біздің қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын мәдени және рухани құндылықтарды сақтау мен көбейтуді жақтайды. 2025 жылға дейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберіндегі апаттық жағдайдағы мәдениет нысандары жойылып, жаңа нысандар бой көтеретін болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы Кентау өңірінің көрнекті тумаларын насихаттауға, қасиетті және көрікті жерлерге өлкетану экспедициясын жүргізу, қала мен ауылдардың қасиетті жерлерін көгалдандыру, кәсіпкерлер көмегімен сервистік қызметтерді дамытуға, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және ұлттың мәдени кодын сақтау, оның ішінде тақырыптық іс-шаралар өткізуге ықпал етеді.

Нәтижесінде мәдени және рухани құндылықтарды сақтау туралы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айтылған ойлар жүзеге асады.

0
0
229

Осы тақырып бойынша

Канвассинг іс-шарасы жалғасуда - Yvision.kz