Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Канвассинг форматында Шортанбай ауылының тұрғыны, білім саласының ардагері шаңырағында болды

29 желтоқсан күні жоспар бойынша облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер Мен Шакупов Жұмажан Умирзахович және аудандық мәслихатқа үміткерлер Рахмеденов Амангелді, Жугинисов Болат үгіт насихат жұмыстарымен еліміздің батысындағы Шортанбай ауылдық округында болып жағыдайымен танысып , қазіргі елде қалыптасқан карантиндік жағдайға байланысты сақтық шараларын сақтай отырып, партиялық бағдарламалар бойынша #канвассинг форматында Шортанбай ауылының тұрғыны, білім саласының ардагері Аташова Шолпан апайдың шаңырағында болдық. Апай бар өмірін шәкірт тәрбиелеуге арнаған екен, қоғамдық жұмысқада белсене араласыпты, қазіргі уақытта үгіт насихат жұмыстарының осындай форматына таңданып, біздер үшін қосымша жұмыс көбейгеніне қынжылыс білдірді. Бұрын кең залдарға халықты көп жинап бір кездесу ұйымдастырып кететін, қазір үй аралап, көшеге шығып жүру көп уақыт алады ғой, бірақ мына пандемия кезінде болмайтынын түсінем ғой деді. Жалпы ауылдың жағдайы жақсы, тек тыныштығы болсын. Біз талай сайлау көрдік, халық сайлауға ұйымшылдықпен қатысады , елдегі саясатты қолдаймыз . “ NurOtan” партиясын қолдаймыз , сол үшін дауыс береміз.

0
0
372

Осы тақырып бойынша

Канвассинг форматында Шортанбай ауылының тұрғыны, білім саласының ардагері шаңырағында болды - Yvision.kz