Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Канвассинг: еңбек ардагері Әмірхан аға Қазихановпен кездесу

Ел ырыздығын еселеу жолында еселі еңбек еткен құрметті теміржолшы, саналы ғұмырының 30 жылдан астам бөлігін темір жол саласына арнап тер төккен еңбек ардагері Әмірхан аға Қазихановпен кездестім. Темір жол тынысы- ел ырысы демекші, еңбекқор жан қызмет жолын 1986 жылы қарапайым шебер болып бастап, 2015 жылға дейін темір жол саласындағы түрлі қызметтік баспалдақтан өтіп, Орал қалалық вагон депосы директорының бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Қазір құрметті еңбек демалысында.

Рысқаным Мұқасқызы Қазиханова “Мәдениет қайраткері” төсбелгісімен марапатталған мәдениет саласының ардагері. 1980-2017 жылдар аралығында еңбек жолын әдіскер қызметінен бастап, өнер институтында білім бөлімін басқарып, облыстық мәдениет басқармасында жетекші маман, бөлім басшысы, облыстық өнер және мәдениет орталығында директордың орынбасары лауазымына дейін еңбек жолын жүріп өткен. Бүгінде зейнеткерлік демалыста.

Еңбек ардагерлерін 2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін сайлауға белсенділік танытып "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырдым.

0
0
178

Осы тақырып бойынша

Канвассинг: еңбек ардагері Әмірхан аға Қазихановпен кездесу - Yvision.kz