Ақшат ауылы, аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Аманкелді Калмағамбетов «Канвассинг» шарасы аясында ұзақ жылдар білім саласында қызмет атқарған зейнеткер ұстаз Қарлыбаева Жанслу Құбайқызы және зейнеткер Қарлыбаев Амантай Сағидуллаұлының үйіне барып үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп Шыңғырлау ауданынының сайлау алды бағдарламасымен таныстырды. Шаңырақ иелері «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдайтынын жеткізіп, бүгінгі таңдағы партияның жұмысына сәттіліктер тіледі.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.