Канвасинг ШЕТ ауданының ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ атанған Бәкіров Әділ ағамыз кездесу
Ия, шынымен көпшілік болып, күткен жаңа 2021 жылымыз келіп, орныға бастағандай. Хабарласқан-кездескен адамның тілек -ниеттері бір-біріне ерекше ұқсас, себебі - бәрімізге аян, ылайым тек қана жақсы жаңалықтар жылы болсын! Бүгін осындай тілектерін ел ағасы, жас-болашаққа өзінің істерімен үлгі боларлық із салған, бүгінгі күні ШЕТ ауданының ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ атанған Бәкіров Әділ ағамыз шынайы жүрегімен ақтарды, сөз соңы - ЕЛІМІЗДІҢ АМАН БОЛУЫ біздің бірлігімізде, ЕЛІМІЗДІҢ гүлденуі - аянбай, тер төккен еңбекте деп қортындылап, алдағы сайлау науқанына баршамыздың ел болашағы үшін үлес қосуымыз - міндет деп санады. #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz
