Канвасинг кездесу өтті
маманы Палымбетов Ермек Нұрбекұлымен Канвассинг кездесуін өткізді. Үміткер "Nur Otan" партиясының 7 негізгі басымдықтарын түсіндірді. Алдағы келе жатқан сайлауға бір кісідей қатысып, сайлауалды бағдарламаны қолдауға үндеді.Б.Мұратұлы 2025 жылға дейін облыс, қала берді аудан көлемінде атқарылар игі істерді айтты. Соның ішінде Бөржар ауыл округіне қатысты жұмыстарды да саралап өтті.- "Nur Otan" партиясы Қазақстандағы бас партия деп білеміз. Партияның жетістіктері жетерлік. Ауданымызда басқа салалар секілді Ауыл шаруашылығы да қарқынды дамып келеді. Бұған партиямыздың ықпалы көп болды. Сайлауалды бағдарламамен таныссаңыз, барлығына өзіңіз көз жеткізесіз. Сізді және үй ішіңізді біздің "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын, - деді кандидат.Үміткердің берген үгіт насихат үнқағазымен танысқан ауыл тұрғыны айтулы партияны қолдап, дауыс беретіндігін жеткізді.
